Дәрігерлер Ақтөбеде жол апатына түскен қырғызстандықтар туралы айтты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Самара-Шымкент тасжолындакөлік апатына түскен екі әйелдің жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аудандық ауруханаға жеті адам түсті. Оның бесеуі хирургия бөліміне жатқызылды. Екеуіне амбулаториялық ем жүргізілді. Жарақаты ауыр бес адамның біреуі 12 жастағы жасөспірім. Сондықтан ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Баланың сан сүйегі, иығы сынған, бас-ми жарақаты бар. Өзге зардап шеккендер де жабық бас-ми жарақатын алды. Екі әйелдің жағдайы ауыр», - деді Ырғыз аудандық ауруханасының реаниматологі Мәди Күшенов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Самара-Шымкент тасжолының 1053 шақырымында, яғни Ырғыз ауданының Қалыбай ауылы маңында «Тойота Альфард» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылып, оқиға орнында бір жолаушы көз жұмды. Қазір зардап шеккен науқастар аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр.


Соңғы жаңалықтар