+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Дәрігерлер 3 жасар сәбидің асқазанынан магнит білезік алып шықты

2020 жылғы 8 сәуір 17:54
Бөлісіңіз:
Дәрігерлер 3 жасар сәбидің асқазанынан магнит білезік алып шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 3 жастағы бала магнит білезік жұтып қойған. Дәрігерлер шұғыл ота жасап бөгде затты алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 3 жасар баланың анасы жүгінген.

Рентгенография жасаған кезде баланың асқазанында магнит батарея бары анықталды.

Дәрігерлер балаға шұғыл ота жасап, асқазанындағы бөгде затты алып шықты.

«Магниттік заттарды алған кезде бір қиындық бар. Магниттер хирургиялық инструменттерге жабысады. Сондықтан, эндоскопиялық жолмен, тіліксіз ота жасау мүмкін емес болды», - деді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманәлиев.

Қазір баланың денсаулығы қалыпты. Жақында үйіне шығарылады.

Мамандардың айтуынша, карантин кезінде бөгде зат жұтып қойып келетін балалар саны сиреген.

Бұл ата-аналардың баласының қасында отырғанын білдірсе керек.

Дәрігерлер тиын, шар, метал, моншақ сияқты заттарды балалардан қашық ұстау керектігін ескертті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT