+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Дәрігерді зорлаған таксистің ісі: Павлодарлық полицейлердің үстінен тергеу басталды

2019 жылғы 4 қазан 16:05
Бөлісіңіз:
Дәрігерді зорлаған таксистің ісі: Павлодарлық полицейлердің үстінен тергеу басталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облыстық Полиция департаментінің басшысы Амантай Әубәкіров такси жүргізушісінің дәрігер қызды зорлау ісін тегеуді жеке бақылауына алып, міндетіне салғырт қараған полицейлер жауапкершілікке тартылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Рavlodarnews.kz сайтының жазуынша, Павлодарда қызды зорлау және тонау фактісі туралы ақпарат бұған дейін Facebook-тегі #Немолчиkz тобының парақшасында пайда болды. Жарияланымның авторы 2019 жылғы 1 маусымнан 2 маусымға қараған түні әпкесі мен ағасы кешке InDriver арқылы такси шақырғанын жазған.

Бұл ретте, жүргізуші қыздың ағасын бірінші жеткізіп тастап, емханада дәрігер болып жұмыс істейтін өзін одан әрі әкеле жатқан. Бірақ үйіне жетер-жетпес жерде көліктің есіктерін бұғаттап, қызды зорлаған. Бұған қоса, құны 280 мың теңге тұратын «Айфон-8» телефонын алып қойып, өзін машинадан шығарып жіберген.

Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін күдіктінің туыстары оның ізіне түсіп, 100 мың теңге ұсынған және арызын қайтып алуды сұраған.

Істің тергелуіне қатысты Павлодар облыстық Полиция департаментінің басшысы Амантай Әубәкіров түсінік берді. 1 қазан күні дәрігер қыз бен оның қорғаушысы бас полицейдің жеке қабылдауында болған.

«Іс бойынша қосымша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Нәтижелері жақын арада дайын болады. Күдікті М.-нің дәлелдері тексеріледі және оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіледі. Оның жеке басы мен жасалған әрекеттің ауырлығын ескере отырып, қамауда ұстауға байланысты емес бұлтартпау шарасы тағайындалды. Сонымен қатар, күдікті М.-нің жәбірленушіге келіп, арыз алуды сұраған жақын туыстары анықталды. Қазіргі таңда олардың қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп, заңдық баға берілетін болады», - деді Амантай Әубәкіров.

Бұдан бөлек, қызметтік міндеттеріне салғырт қараған полицейлердің үстінен қызметтік тергеу басталған.

«Аталмыш іс бойынша тергеудің төмен сапасы және сөзбұйдаға салуға жол берілгені үшін Өзіндік қауіпсіздік басқармасы облыстық ПД қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеуді бастады. Оның нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады. 1 қазан күні азаматша С. қорғаушысымен бірге облыстық ПД бастығының жеке қабылдауында болды және тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. Қазақстан Республикасы ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай таратылмайды», - деді ПД басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT