Дәрігер ревакцинация кезінде неге басқа препарат қолдану керектігін түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева тұрғындарға ревакцинация үшін препаратты неге ауыстыру керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикер вакцина коронавирустан қысқа қорғаныс беретінін еске салды, сондықтан бүгін ревакцинациядан өту ұсынылады.

Медицина университетінің профессоры қайта екпені басқа вакцинамен алған дұрыс екеніне сенімді.

«Иммунитетті күшейту үшін «басқа вакцинация» қағидаты ұсынылады. Әр түрлі вакциналар иммундық реакцияға басқаша әсер етеді, сондықтан екпені басқа вакцинамен ауыстырудың пайдасы бар», - деді ол.

Оның айтуынша, қайта егу, бастапқы вакцинация сияқты, аурудан кейін де иммундық жүйеге вирустың көрінісін «еске түсіруге» көмектеседі, демек иммундық реакцияны жұмылдыру тез қабылданады және дерттің деңгейін әрі өлім қаупін төмендетеді.

Еске салсақ, халықты жаппай ревакциналау 2022 жылдың қаңтарында, ал тәуекел топтары үшін – биылғы жылдың 22 қарашасынан бастау жоспарда.


Соңғы жаңалықтар