Дәрігер имиджі көтерілгенде жемқорлық фактілері қысқаруы мүмкін - Владислав Шуль

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Дәрігерлер әрдайым кінәлі емес және олар да мемлекет тарапынан қолдауды қажет етеді. Бұл туралы Арнайы мониторингтік топтың төрағасы Владислав Шуль айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен өңірлік ақпараттық-ағарту штабымен бірлесіп облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы көпсалалы облыстық аурухананың еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Департаменттің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов қатысушыларды бірінші басшылардың бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігі туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік органдардың басшылары қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында алдын алу іс-шараларын жүргізуге міндетті екенін атап өтті. Жүйелі түрде шаралар қабылданбаған жағдайда олар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын түсіндірді.

«Бізде тегін дәрігерлік көмек болса да, көптеген сапалы медициналық қызметтерді тек ақшаға ғана алуға болады. Қылмыстық құқық тұрғысынан мұндай бейресми қаржылық қатынастар сыбайлас жемқорлық болып саналады. Жұмыста мінсіз және тазалықты бейнелейтін ақ түсті халат киген дәрігерлер әрдайым парасатты және әдепті болуы тиіс», - деді Бақытжан Әмірханов

Кездесуде Департамент жанындағы Арнайы мониторингтік топтың төрағасы, өңірлік Ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшесі Владислав Шуль өз сөзінде осыған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, 2019-2021 жылдары бала өлімін азайту бағытында қолға алынған іс-шараларды орындау бойынша 26 медициналық ұйымға мониторинг жүргізілгенін хабардар етті. Бағалау қорытындысы бойынша тұрғындар арасында триаждың жаңа жүйесі, емханалар мен ауруханалардың инфрақұрылымы, босандыру мен балалық шақтың медициналық стационарларындағы мамандардың кадрлық жетіспеушілігі, медициналық ұйымдарды бақылаушы органдардың тексеру қағидаттары және басқа да көптеген мәселелер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысты бірқатар ұсынымдар шығарылды.

«Медициналық қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыру өте маңызды. Негізінен, көп жағдайда науқастар құқығы басым саналады. Бірақ дәрігерлер әрдайым кінәлі емес және олар да мемлекет тарапынан қолдауды қажет етеді. Дәрігерлер имиджін көтерген жағдайда медицина саласындағы парақорлық жағдайлары қысқаруы мүмкін», - деп түйіндеді Владислав Шуль.


Соңғы жаңалықтар