Дариға Назарбаева жол апатында қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Жамбыл облысындағы ірі жол-көлік оқиғасына қатысты көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жамбыл облысындағы 11 адамның қазасына әкеліп соққан жол апатына қатысты марқұмдардың жақындарына көңіл айтамын. Көз жұмған жандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақпын, ал апаттан зардап шеккендердің тезірек жазылып кетуіне тілектеспін. Қазіргі кезде барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін «Алматы-Ташкент» автожолының бойында ірі жол апаты болып, 11 адам қаза тапты. Тағы 5 адам ота үстелінде, ал 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір облыста жедел штаб құрылған. Психологтар кезекшілігі қосылған «қауырт желі» +7 (7262) 513575 және +7 (7262) 514167 жұмыс істеп тұр. ІІМ мәліметінше, апатқа ұшырағандар арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар.

Соңғы жаңалықтар