+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Дариға Назарбаева Валентина Матвиенкомен кездесті

2019 жылғы 18 сәуір 21:21
Бөлісіңіз:
Дариға Назарбаева Валентина Матвиенкомен кездесті

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева РФ Федералдық Жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Кездесу барысында Сенат басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестіктің стратегиялық сипатын, сондай-ақ екі елдің Еуразия кеңістігінде экономикалық интеграцияны дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

«ТМД ПАА Кеңесі төрағасы ретіндегі белсенді қызметіңізді жоғары бағалаймыз. Сіздің арқаңызда ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Еуразиядағы интеграциялық процестердің басты флагмандарының біріне айналды. Ассамблеяның ұйымдық құрылымдары нығайып, халықаралық беделі де үнемі артып келеді», - деді Д.Назарбаева.

Сондай-ақ жоғары палата төрағасы экология проблемаларына да назар аударды. Атап айтқанда, суды пайдалану және трансшекаралық өзендер мәселелерін, әскери полигондардың айналасындағы экологиялық жағдайды анағұрлым тиімді реттеу үшін бірлескен жұмысты ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды. Д.Назарбаева экология жөнінде модельді заң әзірлеуді ұсынды.

В.Матвиенко Сенат төрағасын Ресей Федерациясына сапармен келуге шақырып, Қазақстанда өтетін кезектен тыс Президент сайлауына ТМД ПАА және Федерация Кеңесінен бақылаушыларды жіберуге әзір екендігін білдірді. Федерация Кеңесінің төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевқа ізгі тілектерін айтып, Елбасының қазақ мемлекеттігін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады, интеграциялық процестерді жылжытудағы көшбасшылығын атап көрсетті.

Авторы Медет Ахметов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT