Дариға Назарбаева ТМД ПАА 49-ыншы пленарлық отырысына қатысты

None
None
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 49-шы пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Шараның күнтәртібінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің парламенттік өлшеміндегі өзара ықпалдастықтың бірқатар өзекті мәселелерін қарау және талқылау болды.

Парламентшілер ТМД ПАА тұрақты комиссиялары әзіргелен 11 модельдік заңнамалық акті мен ұсыныстардың жобаларын қарады. Олар: құқықтық мәселелер жөніндегі «Ипотека туралы», «Мұра етіп алу құқығы туралы», «Адвокатура және адвокат қызметі туралы», «Сот-сараптама қызметі туралы» модельдік заңдары; қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі «Азаматтық қорғаныс туралы» модельдік заңы; экономика және қаржы жөніндегі «Бағаны белгілеу туралы» модельдік заңы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үшін Ішкі су көлігі модельдік кодексі; білім беру және ғылым жөніндегі «Ғылыми-техникалық ақпарат туралы» модельдік заңының жаңа редакциясы мен «Нанотехнологиялар әдебі туралы» ұсыныстар.

Шараға ТМД ПАА-дағы парламенттік делегациялардың басшылары, Достастық елдері заң шығару органдарының өкілдері, ТМД ПАА тұрақты комиссияларының мүшелері, Достастықтың салалық органдарының, ұлттық атқарушы билік органдарының өкілдері, ғалымдар, сарапшылар қатысты.

Автор: Медет Ахметов

Соңғы жаңалықтар