Сенат төрағасы тікұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
2019 жылғы 28 наурыз 10:35

Сенат төрағасы тікұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Қорғаныс министрлігі тікұшағының Қызылорда облысында апатқа ұшырауынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін әскери борышын адал атқара жүріп қаза тапқандардың аты жүрегімізде мәңгі сақталады», - делінген Д. Назарбаеваның жеделхатында.

Еске сала кетейік, 27 наурыз күні Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігі тікұшағы апатқа ұшыраған болатын.

ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарына сәйкес, оның бортында 13 адам болған.

13 әскери қызметшінің барлығы қаза тапқан.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT