+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Дариға Назарбаева су ресурстарын сақтау үшін мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды

2019 жылғы 27 қараша 17:50
Бөлісіңіз:
Дариға Назарбаева су ресурстарын сақтау үшін мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дариға Назарбаева су ресурстарын сақтауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сенаторлармен кездесулерде халық өздерін толғандырған мәселелерді көтерді Мәжіліс депутаттары Қостанай тұрғындарымен кездесті Қазақстанда инвестициялық салық резиденттігін алу рәсімдері айқындалады

Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстанның су қауіпсіздігі тақырыбы бойынша парламенттік тыңдау болды.

Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед өз әріптестеріне арнаған сөзінде комитетке Дариға Назарбаева төрағалық еткен кезде осы мәселе отырыстарда екі жыл бойы көтерілгенін атап өтті.

«Үкіметке бірқатар ұсыныс берілген болатын, дегенмен бұл мәселелердің толық шешімін әлі көре қойған жоқпыз», - деді ол.

Су қорларын ластау, гидротехникалық құрылыстардың ескіруі, сыбайлас жемқорлық пен құрылыс стандарттарының сақталмауы, трансшекаралық өзендерге тәуелді болу, су ресурстарын басқару және олардың сапасын бақылау жүйесінің жетімсіздігі, ауыз су жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың тиімсіз іске асуы сумен қамтамасыз ету саласындағы негізгі қауіп-қатерлер екені парламенттік тыңдауда айтылды.

Сенатор Қайрат Қожамжаров парламенттік тыңдауда сөз алып, «Ақ бұлақ», «Ауыз су» бағдарламаларына бюджеттен 1,2 трлн теңге жұмсалғанын, алайда ауылдық елді мекендердің 51 пайызы бұрынғыдай таза ауыз суға қол жеткізе алмай келе жатқанын атап өтті. Бұл шамамен 2,5 млн адам немесе халықтың 13 пайызы болып отыр. Сенатор Үкіметке бөлінген бюджет қаражатының мақсатты игерілуіне бақылауды күшейтуді ұсынды.

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова айтқандай, су ресурстары комитеті бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі мемлекеттік аудит 2,5 млрд теңге болатын қаржы тәртібінің бұзушылықтарын, тиімсіз жоспарлау мен мемлекеттік ресурстар пайдаланылған 26,3 млрд теңгені, рәсімдік тәртіптің 189 бұзушылығын анықтады.

Еліміздегі География институтының директоры Ахметқали Медеу өз сөзінде бөгет иелеріне қатысты заң ережелерін қатайтуды керектігін атап өтті. Олар өздері ие болған мүлікке инвестиция салмай, түскен пайданы түгелімен алып келеді, ал төтенше жағдайлардың салдарын жоюды мемлекетке қалдыратыны айтылды.

У.М.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтының директоры Мәліс Әбсәметов су нысандарын жобалау, құрылысы және пайдалану жұмыстарын жүргізуге қабілетті білікті кадрлардың жетіспеушілігі күн тәртібінде өткір тұрғанын айтты.

Д.Назарбаева парламенттік тыңдауды қорытындылай келіп, мемлекетке су ресурстарын сақтау бағдарламасы қажет екендігіне ерекше назар аударды. Бұл проблеманы зерделеу елдің ғылыми институттары үшін, әсіресе су үнемдеу технологияларын қолдану, бюджетке түсетін ауыртпалықты азайтуы ықтимал инвестицияларды тарту әлеуеті жөніндегі басым міндет болуы тиіс.

Сенат төрағасы су қауіпсіздігі мәселелеріне ғана жауапты болатын мемлекеттік орган құруды да ұсынды.

«Су қауіпсіздігі жөніндегі алғашқы екі тыңдаудың ұсынымдарында тек су және су қауіпсіздігімен ғана айналысатын жеке уәкілетті органның қажеттігі туралы айтқан едік. Бұл мәселе күн тәртібінен алынбайды. Бұл мемлекеттік орган – агенттік немесе мамандандырылған ұйым, қандай түрде жұмыс істейтіні белгісіз, бірақ ол тек осы мәселелерге жауап беретін жеке құрылым болып, олар бойынша жауапты әрі өз іс-әрекетіне жауап беруі тиіс», - деді Д.Назарбаева.

Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша Сенат депутаттары Үкіметке жіберілетін ұсынымдар әзірледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Сенат,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT