Дариға Назарбаева Швеция Корольдігінің байқаушысы К. Харстедпен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Швеция Корольдігінің байқаушысы, Елші, швед Үкіметінің Солтүстік Корея және Мьянма мәселелері жөніндегі арнаулы уәкілі К. Харстедпен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сенат басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына байқаушы ретінде қатысқаны үшін алғыс білдірді. Ол сайлау науқаны ашық өткенін және сайлауға мониторинг жүргізу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Кездесуде тараптар түрлі бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейтініне тоқталды.

Өткен жылдың мамыр айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК мен шведтік «Ваттенфолл» энергетикалық компаниясы арасындағы келісімшарт бойынша қазақстандық уран жеткізілген болатын. Қазақстандық өнім үшін швед нарығы осылай ашылған еді.

Сенат басшысының пікірінше, индустрия, IT және жасыл технологиялар, экотуризм өзара іс-қимылдың келешегі зор бағыттары болуы ықтимал.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі жаһандық мәселелер талқыланды. Сенат басшысы К.Харстедтің Швеция үкіметінің Солтүстік Корея мен Мьянма мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі ретіндегі белсенді қызметін атап өтті.

«КХДР-ны үнқатысуға тарту жөніндегі Сіздің күш-жігеріңізге қолдау білдіреміз, бірлесіп жұмыс істейтін ықтимал алаң ретінде Нұр-Сұлтан қаласын, атап айтқанда, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қорын ұсынамыз, онда бітімгершілік жөніндегі қызметте мол тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді», - деді Д.Назарбаева.

Соңғы жаңалықтар