+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Дариға Назарбаева РФ тарапына Жайық өзенінің мәртебесі мәселесін қарастыруды ұсынды

2019 жылғы 22 қазан 22:44
Бөлісіңіз:
Дариға Назарбаева РФ тарапына Жайық өзенінің мәртебесі мәселесін қарастыруды ұсынды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиенкомен кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Жайық өзенінің мәртебесі туралы мәселені қарауды ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дариға Назарбаева ресми сапармен Арменияға келді Дариға Назарбаева: Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын одан әрі тереңдетудің маңызы зор Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

Ол 2016 жылы екі ел арасында Жайық өзенінің экожүйесін сақтау туралы келісімге қол қойылғанын еске салды. Құжатта Жайық өзені бойынша бірыңғай сараптамалық орган – комиссия құру мәселесі қарастырылған.

«Бірақ, бұл мәселе әлі де шешілмей келеді. Үкіметаралық комиссиялардың тұрақты отырыстары, әрине, бұл мәселемен күнделікті айналыса алмайды. Мемлекеттік органдардың, ірі пайдаланушылардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ суды үнемдеу мен трансшекаралық өзендердің проблемаларын зерттейтін ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері бірлесе құратын комиссияның пайдасы зор болар еді», - деді Қазақстан Республикасы Сенатының төрағасы.

Дариға Назарбаева Валентина Матвиенкоға осыған назар аударып, шешім қабылдауға көмектесуді сұрады.

«Сондай-ақ, Жайық өзенінің экологиясы бойынша Қазақстан мен Ресей үшін мемлекеттік мақсатты бағдарламаны әзірлеген дұрыс болар еді. Жайық өзенінің мәртебесін де қарастырған жөн. Жайық – ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектісі болуы керек», - деді ол.

Сенат спикері аталмыш мәселе кешенді түрдегі шешімді талап ететінін атап өтті.

Фото: pikabu.ru

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT