Дариға Назарбаева ресми сапармен Арменияға келді

None
None
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Арарат Мирзоянның шақыруымен Армения Республикасына ресми сапармен келді.

Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының сапар бағдарламасында Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Арарат Мирзоянмен, Премьер-министр Никол Пашинянмен және Президент Армен Саркисянмен кездесу бар.

Жүздесулерде Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ парламентаралық қатынастарды дамытудың келешегін талқылау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар