Дариға Назарбаева Ресеймен визалық режімдегі мәселені шешуді ұсынды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиенкомен кездесу барысында Қазақстан-Ресей қатынастарының жай-күйі мен болашағын талқылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
«Өздеріңіз білетіндей, екі елдің қарым-қатынасында азаматтардың ары-бері қатынау режімі өте маңызды. Бұл жағдайда 2014 жылдан бастап бізде Қазақстан азаматтарының Ресейде болуы және Ресей азаматтарының Қазақстанда болуы турасында нақты паритет болған жоқ», - деді Сенат спикері.
Оның айтуынша, визалық режімге сәйкес, Қазақстан азаматтары Ресейде 90 күн бола алады.
«Содан кейін олар Ресейден кетіп қалып, қайтадан 90 күннен кейін кіре алады. Қазақстанға кірген Ресей азаматтары да 90 күн тұрып, елден шығып кеткенімен, сол күні қайта оралып, келесі 90 күн біздің елде болады», - деді Дариға Назарбаева.
Сенат төрағасының айтуынша, бұл мәселе нақты шешімін таппай жатыр.
«Бұл мәселенің 2012 жылдың маусымынан бергі өз «тарихы» бар. Қазіргі уақытта бұл мәселе ресейлік тараптың қарауында жатыр. Оның шешімі азаматтардың өмірін жақсартар еді. Интеграциялық процестердің арқасында әртүрлі себеппен Ресейге баратын азаматтардың қарқынды легі арту үстінде», - деді ол.
- Тель-Авивте Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел өтті
- Президенттің Германияға сапары стратегиялық серіктестіктің жаңа бағыт-бағдарын айқындады - Әсел Назарбетова
- Президенттің Германияға сапары экономикалық байланысты дамытуға серпін береді - сарапшы
- ҚР Президентінің Германияға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа оң әсерін тигізді – Гюнтер Кнабе
-
Президенттің Еуропаға алғашқы сапарын Германиядан бастауы маңызды - сарапшы
-
ЕАЭО - 5 жыл: Мәскеу метросында мерейтойлық пойыз жолға шықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам