Дариға Назарбаева: Өз өміріңді жоспарлай алу - үлкен бақыт

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева елімізде әрбір азамат үшін бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

«Қазіргі уақыттың талап-міндеттері қызық және қиындықтары да аз емес. Біз бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз, мұнда тұрақты билік, тұрақты саясат, алдағы бірнеше жылымыздың қалай өтетінін шамамен бағамдай аламыз. Тіпті, білім аламын, әрі қарай жұмыс істеймін, өз мақсаттарыма жетемін деп өз өміріңді жоспарлай алудың өзі - үлкен бақыт», - деді сенатор әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіруге арналған ведомствоаралық кездесуде.  
null 

Кадет оқушылары мен әскери-патриоттық клубтарда білім алатын балаларға депутат мақсат қоя білу қажеттігін және бұл мақсаттарға білімді, тәртіпті адамның ғана қол жеткізе алатынын баса айтты.

Сонымен бірге, Дариға Назарбаева кездесуге келген депутаттар мен министрлер назарын жастардың азаматтық парызы мен жауапкершік сезімін қалыптастыру мәселесіне аударды.

Оның пікірінше, бұл бағытта мектептердегі әскери-патриоттық клубтар маңызды рөл атқарады.  

«Бізге жас әскери құрылымдарды мемлекеттік деңгейде дамыту мен қолдау бойынша бірегей республикалық бағдарлама қажет», - деп өз сөзін толықтырды Дариға Назарбаева.
null null null null 

Соңғы жаңалықтар