Дариға Назарбаева Орталық Азияның бірыңғай визасын қалыптастыруды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-өзбек парламентаралық ынтымақтастығы Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелерінің Өзбекстан Олий Мәжілісінің Сенаты Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетел инвестициялары және туризм жөніндегі комитетінің депутаттары кездесуінің қорытындылары бойынша әзірленген нақты ұсыныстар Үкіметке жіберілетін болды. Бұл туралы Сенат комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева журналистерге берген сұхбатында атап өтті.

ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан сенаторлары кедендік реттеуді жетілдіру, тауар айналымын арттыру және туризм саласындағы ынтымақтастықты ұлғайту туралы ұсыныстар айтты.

«Ашық әрі айқын және достық шекарасын қалыптастыру керек, сонда барлық салалардағы қарым-қатынастар тереңдей түседі», - деді Д.Назарбаева. Ол үшін барлық кедендік рәсімдерді бірыңғайлау керек. Ақпараттандыру салалары іске қосылмай, жедел даму мүмкін емес. Қазіргі ақпараттық жүйелер болмайынша шекарада бақылау жүзеге аспайды.

Сенаторлар екі елдің туристік әлеуетін дамыту мәселесін де қарады. Қазақстан мен Өзбекстанда туризмді дамыту ғана емес, Орталық Азияның барлық көрнекті жерлерін көргісі келетін шетел туристерінің біздің елдерге келуін ынталандыру да маңызды, деп санайды Д.Назарбаева.

Ол азиялық «Silk viza» шенгенін қалыптастыру туралы ұсыныс айтты. Парламентшілер барлық мәселелерді кезең-кезеңмен шешу үшін бірлескен Жол картасын әзірлеуге уағдаласты. Сенат комитеттерінің деңгейінде өзара іс-қимылдың осындай сипаты жалғасатын болады.

Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетел инвестициялары және туризм комитетінің төрағасы Әлішер Құрманов Өзбекстан мен Қазақстан арасында шешілмеген мәселелердің жоқ екенін атап өтті.

«Бұл халықтарымызды жақындатуды көздейтін біздің Президенттеріміздің ниеттерін парламентшілер де, министрліктер мен мекемелердің өкілдері де толығымен қолдайтынын көрсетеді», - деді ол.

Шараға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің, ауыл шаруашылығы, қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсібі, мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері қатысты. 

Соңғы жаңалықтар