+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Дариға Назарбаева Никол Пашинянмен кездесті

2019 жылғы 16 қараша 10:58
Бөлісіңіз:
Дариға Назарбаева Никол Пашинянмен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Арменияға ресми сапары аясында Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянмен кездесті, деп хабарлайды Жоғары Палатаның баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Еревандағы Қазақ тілі, тарихы және мәдениеті орталығы Абайдың есімімен аталды Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының әйелдер үшін белгіленген шекті сомасын атады Сенаторлармен кездесулерде халық өздерін толғандырған мәселелерді көтерді

Тараптар әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқталды.

Дариға Назарбаева өзара сауда көлемін ұлғайту, тауар айналымы мен алуандығы құрылымын кеңейту қажеттігін атап өтті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Армения арасындағы сыртқы сауда айналымы 33,9 пайызға артқан болатын.

«Бұл келешекте тауар айналымының ұлғаятынын көрсетеді, болашақта өзара сауда көлемін арттыруға маңызды үлес қосады. Қазақстан өнімдерін экспорттауда Армения нарығы зор ықылас туғызады. Біз машина жасау, металлургия, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары және химиялық өнімдер сияқты салаларда экспорт көлемін ұлғайтуға дайынбыз», - деді ол.

Николай Пашинян өз кезегінде Арменияның Қазақстанмен экономикалық байланыстары туралы айта келіп, оларды дамытудың зор әлеуеті мен пайда түсетін түрлі сипатта іске асуы ықтималдығын атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT