Дариға Назарбаева мүгедек балалардың жағдайына алаңдаушылық білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Атырауда сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатында заң бұзу әрекеттерінің орын алуына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің прокуратура мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, интернатта ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 98 бала тұрып жатыр. Прокурорлар мектеп тәрбиешілерінің мүгедек балаларға қатал қарап, күш қолданғанын анықтаған. Тәрбиешілер балаларды ұрып-соғып, оларды жұмысқа жегіп келген.

Сенат басшысының айтуынша, мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне қаталдық танытқандар заңнамаға сәйкес, барынша қатаң жазалануы керек.

«Қорғаусыз қалған мүгедек балаларға деген адамға жат әрекеттер біздің қабырғамызды қайыстырды. Біз интернаттағы жағдайды түбегейлі өзгерту керек санаймыз және жағдайды өз бақылауымызға аламыз. Меніңше, мұндай жағдайлар әлеуметтік қызмет өкілдерінің немқұрайдылығынан туындап отыр»,-деді Д.Назарбаева.

«Аталған факт Жоғарғы палатаның жіті қадағалауында болады»,-деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар