Дариға Назарбаева Михаил Гусманмен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат басшысы Дариға Назарбаеваның ТАСС бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманмен кездесуі барысында «Деглобализация: Әлем дамудың жаңа үлгілерін іздестіруде» отырысы аясында болған пікірталастар талқыланды, деп хабарлайды Жоғары Палатаның баспасөз қызметі.

Онда төрағалық етушілер жаһанданудың қазіргі әлемдік дағдарысқа әсері және деглобализация көріністері туралы айтқан болатын.

М. Гусман Қазақстанда 2002 жылдан бері өтіп келе жатқан ЕАМФ-ның қалыптасуы мен дамуына Дариға Назарбаеваның қосқан жеке үлесін атап өтті. Форумның ауқымды бағдарламасы өзекті тақырыптарға арналған ашық пікірталастарға, сөз алушылардың мазмұнды сөздеріне, әлемдік сарапшылардың шеберлік сыныптарына толы болды. Форум аясында сондай-ақ осы саланың кәсіби мәселелері - сан әлеміндегі журналистиканың болашағы мен блогосфера ықпалының өсуі талқыланады.

Ресейлік беделді медиаменеджер: «Мен ЕАМФ-ға таңданып отырмын», - деді.
null null

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді, сондай-ақ Қазақстандағы ішкі саяси жағдайды да талқылады.

Соңғы жаңалықтар