Дариға Назарбаева мен Дмитрий Казанцев Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры Дмитрий Казанцевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында шағын және орта бизнес қызметін заңнамалық реттеуді жетілдіру мәселелері талқыланды.

«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне үнемі назар аударып келеді. Кәсіпкерлік пен инвестициялар мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнамалық база жетілдіруді қажет етеді деп санаймын. Бүгін осы сала өкілдерін тыңдау, көтерілген мәселелерді талқылау және шешімдер ұсыну - біз бен сіздің міндетіміз», - деді Дариға Назарбаева.

Дмитрий Казанцевтің айтуынша, бүгінгі таңда салықтық әкімшілендіру және жеке кәсіпкерлік қызметінің түрлерін реттеу мәселелерінде бірқатар өзекті мәселелер бар. Шағын және орта бизнесті жіктеуді қайта қарау қажет. Халықтың қаржылық сауаттылығын жақсарту – бөлек мәселе. Д.Казанцев сондай-ақ сенаторларға еліміздің шалғай елді мекендерінде тегін заң кеңестерін көрсету үшін әкімшілік ресурстардың жетіспеушілігі туралы хабардар етті.

Дариға Назарбаева өз кезегінде Дмитрий Казанцевтің бастамаларына қолдау білдіріп, талқыланған мәселелерді шешу үлгілерін әзірлеу үшін Сенат депутаттары мен кәсіпкерлердің бірлескен жұмысын ұйымдастыруды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар