Дариға Назарбаева Қазақстанда бірыңғай құтқару қызметін құруды ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева Қазақстанда бірыңғай құтқару қызметін құруды ұсынды. Бұл туралы Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында өткен ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысында айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.

Отырыста сөз алған Дариға Назарбаева Қазақстандағы құтқару, қызмет көрсету, медициналық қызмет саласының бөлек-бөлек екенін оларды, құтқару қызметінде біріктіру қажеттігін ұсынды.

«Өрт сөндіру депосы, мемлекеттік өрт сөндіру қызметі, департамент деңгейіндегі мемлекеттік қызмет, әкімдік жанындағы түрлі қызметтер бар. Төтенше жағдай бола қалған кезде адамдарды көшіру, шығынды азайту секілді бір мақсатта жұмыс жүргізуге тиіс қызметтер бөлек-бөлек әрекет етеді. Бірқатар мемлекетте өмірдің барлық жағдайына бейімделген бірыңғай құтқару қызметі бар. Меніңше, бірыңғай құтқару қызметі болуы керек. Осы мәселе төңірегінде ойлансақ. Мүмкін сол кезде жұмысты үйлестіру жеңіл болатын шығар.  Авиацияның, автотранспорттың барлық мүмкіндіктерін біріктірсек айтарлықтай арзанға шығар еді. Мен осы мәселені ойластыру қажет деп ойлаймын», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Отырыста «Азаматтық қорғау туралы»  Қазақстан Заңын іске асыру мәселелері талқыланды. 

Соңғы жаңалықтар