+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Дариға Назарбаева Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу бекетінде болды

2019 жылғы 9 қазан 19:47
Бөлісіңіз:
Дариға Назарбаева Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу бекетінде болды

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Сырым» шекаралық өткізу бекетінде болып, ондағы жаңартылған инфрақұрылыммен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Дариға Назарбаева Қатерлі ісікпен күрес көшбасшыларының саммиті аясында бірқатар кездесулер өткізді «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған аналар студент атануы үшін арнайы квота бөлінбек Солтүстік инвестициялық банкі Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті

Шекара бекеті қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, осы учаске арқылы орташа есеппен мыңнан астам автомобиль өтеді. Бірнеше ай бұрын шекара бекетінің мүмкіндігімен мұндай көлемдегі көлік өтіп үлгере алмаған болатын, алыс жолға тауар тасымалдайтын жүк машиналары кейде тәулік бойы кезекте тұруға мәжбүр болып, шұбатылған кептелістер туындады. Қазіргі кезде бекеттегі инфрақұрылым толығымен жаңартылды, бұрынғы екі жолаққа қосымша жабдықталған сегіз тексеру жолағы қосылды. Бұл Қазақстан мен Ресей шекарасындағы осы участокте кептеліс мәселесін шешуге мүмкіндік берді.


Сондай-ақ Сенат Төрағасы Оралдағы «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» акционерлік қоғамында да болды. Сенаторлар Жайық өзенінің жағасына болып, оның экологиялық жағдайымен танысты.


«Қазгидрометтің» мәліметінше, 2017 жылдан бастап өзендегі су 30-40 пайызға азайды. Жергілікті тұрғындар соңғы онжылдықта өзен су тасқыны кезеңінде де жағадан аспайтынын айтуда. Сапар барысында өзеннің кейбір жерлеріне өлшем жасалып, судың тереңдігі тек 50 см ғана болатыны Сенат Төрағасына көрсетілді.







Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT