+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

Дариға Назарбаева Қатерлі ісікпен күрес көшбасшыларының саммиті аясында бірқатар кездесулер өткізді

2019 жылғы 16 қазан 13:59
Бөлісіңіз:
Дариға Назарбаева Қатерлі ісікпен күрес көшбасшыларының саммиті аясында бірқатар кездесулер өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының директоры Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қатерлі ісікпен күрес көшбасшыларының дүниежүзілік саммиті аясында бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Жоғарғы палата басшысы Иордания Хашимит Корольдігінің патшайымы, Қатерлі ісікті халықаралық бақылау одағының президенті Дина Миредпен кездесті. Тараптар Тұңғыш Президент Қорының және Король Хусейннің Обырмен күрес қорымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

«Тұңғыш Президент Қоры денсаулық сақтау және жастардың ғылыми зерттеулерімен бірге түрлі бағыттардағы жобаларды қаржыландырады. Қордың директоры ретінде біздің ұйымдардың ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынамын. Біз онкология мәселелерін зерттеу саласындағы жұмысымызды күшейтуге ықыластымыз», - деді Дариға Назарбаева.

Сондай-ақ Сенаты төрағасы саммит аясында Түрік Республикасының бірінші ханымы Эмине Ердоғанмен жүздесті.

Дариға Назарбаева ұлттық және әлемдік ауқымдағы онкологиялық сырқаттарды зерттеу, диагноз жасау және емдеудің маңыздылығын атап өте келіп, шараға қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Эмине Ердоған өз кезегінде саммиттің ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалап, денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты қалыптастыруды ұсынды.

«Қазақстан мен Түркияны достық және бауырластық қарым-қатынастар ғана емес, әріптестік қатынастар да байланыстырады. Біздің елдеріміз көптеген салалар бойынша нәтижелі ынтымақтасып келеді. Сондықтан саммиттің қорытындысы бойынша медицина саласындағы ынтымақтастық пен өзара тиімді байланыстардың нығаятынына сенімдімін», - деп атап өтті Түркия Республикасының бірінші ханымы Эмине Ердоған.

Дариға Назарбаеваның Буркина-Фасоның бірінші ханымы Аджови Сика Каборемен кездесуі де Қатерлі ісікпен күрес көшбасшыларының дүниежүзілік саммиті аясында болды.

Сенат Төрағасы жүздесу барысында Қазақстанда онкологиялық аурулармен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлім етті. Д. Назарбаеваның айтуынша, Елбасының тапсырмасы бойынша 2018-2022 жылдарға арналған жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділікті ұлғайту, диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізу, кадрлық ресурстарды дамыту, онкология саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің кешенді жоспары бекітілген болатын.

Аджови Сика Каборе өз кезегінде азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Бірінші ханым онкологиялық ауруларға қарсы күрес саласындағы Қазақстанның тәжірибесін үйренуге әзірліктерін білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT