Дариға Назарбаева Еуразиялық медиа форум аясында бірқатар кездесулер өткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Еуразиялық медиа форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Алматыда форум аясында бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің мәліметінше, медиа форумның арнаулы мейманы Армения президенті Армен Саркисянмен Қазақстан Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Тараптар ҚР Парламенті Сенаты мен Армения Ұлттық Жиналысының достық тобының депутаттары арасында таяуда болған кездесудің маңыздылығын атап өтті, онда екі елдің заң шығару органдары арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы уағдаластыққа қол жеткен болатын.

Армения Президенті ірі халықаралық медиа құрылымдардың өкілдері мен әлемдік деңгейдегі сарапшылар бас қосатын Еуразиялық медиа форумның әлеуеті зор екенін атап өтті.
null

Қазіргі уақытта форумға 60 елден 500-ден астам делегат қатысуда.

«Бүгінгі әлем - деглобализация үдерістерін, тұтыну дағдарысын, медиа-саланы цифрландыру, сондай-ақ жаңа технологиялар мен жасанды интеллектімен ұштасқан даму мүмкіндіктері мен сын-қатерлерді талқылау» биылғы жылы форумның тақырыбына айналып отыр.

Euronews арнасының әріптестік және әртараптандыру жөніндегі аға вице-президенті К. Оикономумен кездесу барысында ЕАМФ пікірсайыстарының маңызы мен оның өсіп келе жатқан беделі атап көрсетілді.

«Біз ашық пікірлесу ымырасыз ұстанымдарды жақындастыруды, өзара түсіністік пен төзімділікке ықпал етуін, ортақ мәселелерді шешу үшін күш-жігерді біріктіруді қалаймыз», - деді Еуразиялық медиа форум ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева.

null null

Соңғы жаңалықтар