Дариға Назарбаева Дүниежүзілік банкпен бірлескен ынтымақтастықты талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчукті қабылдады. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған шараға Парламент Сенатының депутаттары, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің арасындағы бірлескен ынтымақтастықты дамыту бағыттары талқыланды.

«Қазір экономикалық сұрақтарға ерекше мән берудеміз. Бүгінде Сенат ел экономикасының өсімін жеделдету, адамдар табысын арттыру және мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуды қамтамасыз ету мәселелеріне алаңдаулы», - деді Д. Назарбаева.

Өз кезегінде, Лилия Бурунчук бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін айта келіп, Дүниежүзілік банк талдау және әкімшілік мониторингтік жобалар, бюджет табысының көлемін арттыру және қаражатты ұтымды қолдану шараларына ерекше назар аударатынын мәлім етті.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің аймақтық директоры Қазақстанда қабылданған салықтық реформалардың нәтижесі мен салықтық жеңілдіктердің тиімділігін зерттеуді ұсынды. Одан бөлек, Л. Бурунчук Дүниежүзілік банкі тарапынан агроөнеркәсіптік кешен саласы, транзит әлеуеті және жасыл экономиканы мониторингілеу мүмкіндігі туралы айтты.

Кездесу нәтижесінде екі жақ экономикалық процесті ұзақмерзімді бақылау методологиясы, қолданыстағы статистиканы талдау және бағдарламаларды зерттеу бойынша консультация алмасуды одан әрі жалғастыруға келісті.


Соңғы жаңалықтар