Дариға Назарбаева «Доха дебаттары» телебағдарламасының басшысымен кездесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Амджад Аталлахпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат басшысының «Доха дебаттары» телебағдарламасының басқарушы директоры Амджад Аталлахпен кездесуі барысында өзара іс-қимылдың келешегі зор жобалары, атап айтқанда Еуразиялық медиа форумның телебағдарламамен ынтымақтастығы талқыланды.null

Бағдарламаның мақсаты - көпжақты пікірсайыстар мен нақты іс-қимылдар арқылы жаһандық проблемалардың бірлескен шешімдерін іздестіру. Бұл Еуразияның және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі проблемалары бойынша еркін және ашық пікірлесу қалыптастыруға бағытталған ЕАМФ миссиясымен үндес келеді.

Еске сала кетсек, А. Аталлах Еуразиялық медиа форумда 23 мамыр күні «Масс-медианың сандық ақиқаты: біз сын-қатерді қабылдаймыз ма?» тақырыбы бойынша отырыста сөз сөйледі.

null

Соңғы жаңалықтар