+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Дариға Назарбаева: Чехия - Қазақстанның Еуроодақтағы келешегі зор әріптестерінің бірі

2019 жылғы 17 қазан 18:08
Бөлісіңіз:
Дариға Назарбаева: Чехия - Қазақстанның Еуроодақтағы келешегі зор әріптестерінің бірі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дариға Назарбаева Қазақстан мен Чехия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Дариға Назарбаева: Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын одан әрі тереңдетудің маңызы зор Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді Дариға Назарбаева Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесті

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Чехия Республикасы Парламенті Депутаттар палатасының Төрағасы Радек Вондрачекпен кездесу өткізді.

Тараптар ауыл шаруашылығы, көлік-транзит инфрақұрылымы, энергетика, фармацевтика, денсаулық сақтау және туризмді өрістету саласындағы бірлескен жобалардың келешегін талқылады.

Дариға Назарбаева кездесуді аша келіп, Чехия Қазақстанның Еуро Одақтағы келешегі зор сауда-инвестициялық әріптестерінің бірі екенін және осы елмен достық қатынасты тереңдетуге баса назар аударылатынын атап өтті. Сенат Басшысы Чехия кәсіпкерлерін Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейте түсуге шақырды.


«Қазақстан арқылы Азия мен Еуропа елдерін байланыстыратын 5 теміржол және 6 автокөлік бағдары өтеді. Сол себепті шекаралас елдермен жобаларды іске асырудың тұғыры ретінде Қазақстанды қарастыру мүмкіндігі бар», - деді Д.Назарбаева.

Чехия Республикасы Парламенті Депутаттар палатасының Төрағасы өз кезегінде Қазақстан мен Чехия арасындағы қатынастардың жоғары деңгейде екенін бағалады және оларды дамытудың зор әлеуетін атап өтті.

Радек Вондрачек сондай-ақ «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың маңызын атап өтіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың осы бағытын кеңейтуге мүдделілік білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT