Дариға Назарбаева Баян Есентаеваны қолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаеваны қолдады.

«Ондай болған оқиға әйелдерге өте ауыр тиеді. Барлық жағынан. Қандай жағынан қарамасаңыздар да, мұндай мәселеде заң әйелдердің жағында. Әйелдерді қолдаймын. Ондай болмау керек. Азаматтардың, жігіттердің әйелдерге қол көтеруі деген, ол енді, сұмдық», - деді ол Сенат отырысынан соң, тілшілерге берген сұxбатында.

Еске салсақ, 10 маусымда Б.Есентаева миы шайқалып, мұрны сынып, пышақ жарақаттарымен Алматы облысындағы Талғар ауруханасына жеткізілген. Кейін анықталғандай, оны жұбайы Бақытбек Есентаев жанжал барысында соққыға жыққаны анықталды. Қазіргі уақытта Бақытбек Есентаевтің ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Осы оқиғадан соң, Баян Есентаева 22 жыл бойы отасқан күйеуімен ажырасты.

Соңғы жаңалықтар