Дариға Назарбаева арнайы органдардың бюджеті мәселесін жабық тәртіпте талқылауды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҰҚК бюджеттік бағдарламаларын жабық отырыста талқылауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің Комитетте тағы бір ұсыныс бар. Атап айтқанда, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, сыртқы барлау қызметінің бюджеттік бағдарламаларының тиімділігін бағалау Сенат жалпы отырысындағы талқылаудан тыс қалып отыр. Ал оларға тиесілі қаржы көлемі қомақты. Сондықтан да аталған мемлекеттік органдармен бюджеттің орындалуы бойынша  алдағы уақытта осы меморгандар мен Есеп комитетінің есептерін Сенаттың жабық отырысында тыңдаған дұрыс болар еді. Осы орайда тиісті ұсынысты енгіземіз», - деді депутат Дариға Назарбаева Сенаттың жалпы отырысында.

Айта кетейік, бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкіметтің және Есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралды.

 

Соңғы жаңалықтар