+7 (701) 759 90 19
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Дариға Назарбаева: Әлемдік конфессиялар басшыларының елордада кездесуі дәстүрге айналды

2019 жылғы 18 қыркүйек 10:21
Бөлісіңіз:
Дариға Назарбаева: Әлемдік конфессиялар басшыларының елордада кездесуі дәстүрге айналды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XVIII хатшылығының отырысы өтіп жатыр. Отырысқа ҚР Парламенті Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Дариға Назарбаева төрағалық етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан конфессияаралық диалогтың ашық алаңына айналды Дариға Назарбаева әлемдік діндер лидерлерінің өкілдерімен кездесті Әлемдік діндер съезі: «Ерікті елші» атағын беру ұсынылды

«Осы күндері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезі өткен кезден бері 16 жыл өтіп отыр. Сол сәтте қонақжай қазақ жері алғаш рет бейбітшіл, достық пейілді және жемісті конфессияаралық диалогты жүргізу үшін ашық алаңға айналған болатын. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу идеясының авторы болды. Өткен жылдары Қазақстанның орасан зор ядролық қару арсеналынан бас тартуына бастамашы болған, бүкіл әлем мойындаған бітімгер, Тәуелсіздік жылдары ішінде өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықтың тірегіне айналған елдің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын ең ірі әлемдік діндер мен конфессиялардың басшылары қолдады», - деді отырысты ашқан Сенат спикері.


Сонымен қатар, ол Елбасының конфессияаралық диалог өткізу туралы идеясын сол сәтте барша әлем қызу қолдағанын еске салды.

«Содан бері Қазақстанның Тұңғыш Президентінің стратегиялық салмақты әрі көрген бастамасы өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Жаңа мыңжылдық басында ең жоғары деңгейде конфессияаралық ашық диалог өткізу нағыз революциялық іс еді. Ал бүгінгі күні ірі әлемдік конфессиялар басшыларының Еуразия кіндігінде кездесуі ізгі дәстүрге айналды», - деді Дариға Назарбаева.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съез қорытындылары мен Хатшылық қызметінің келешегі туралы пікір алмасылады. Содан кейін 2021 жылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін өткізу бойынша ұсыныстар талқыланады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT