+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Дариға Назарбаева агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын қайта қарауды ұсынды

2020 жылғы 16 қаңтар 10:53
Бөлісіңіз:
Дариға Назарбаева агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын қайта қарауды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Машина-трактор стансаларын дамытуды ынталандыру керек. Бұл жайында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингінің басшыларымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуге қатысушылар өз сөздерінде ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсету сервисі туралы мәселені көтерді. Мысал ретінде басқа елдердің сервис орталықтарының жұмысы атап өтілді, оларда норматив бойынша ең күрделі жөндеу жұмыстарына 3 сағат, ал Қазақстанда - 12 күннен 3 айға дейін уақыт кетеді. Агроөнеркәсіп кешені бірлестіктерінің өкілдері осыған байланысты ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету жөніндегі компаниялардың жұмыс шарттарын қайта қарауды ұсынды.


Сенат төрағасы жауап сөзінде бұл мәселеде мемлекеттік қолдау қажет екенін атап өтті: «Сервисдің қымбаттығы өз кезегінде өнімнің өзіндік құнына әсер ететін болады. Оған жол беруге болмайды. Машина-трактор станцияларын дамытуды ынталандыру қажет. Қазір бұл орын бос тұр», - деді ол.

Кездесуде сөз алған «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев қатысушыларды компанияның қаржылық жағдайымен және холдингтің 2020-2029 жылдарға арналған даму стратегиясын таныстырды.

Сенат депутаттары өз кезегінде таяудағы өңірлердегі сайлаушылармен кездесулері туралы айтты. Олардың сөзінше, аграршылар несиелеу мөлшелемесінің жоғары екенін, шағын шаруа қожалықтарына қол жетімді техниканың жоқтығын жиі көтереді. Қолданыстағы заңнамаға пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қоюды оңайлататын өзгерістер енгізу – талқылаудың жеке тақырыбы болады.


Дариға Назарбаева талқылауды қорытындылай келіп, агроөнеркәсіпті дамыту бағдарламасын қайта қарау керектігіне тоқталды. Өйткені, салада өндірістің құлдырауы мен саланың тұралауы байқалып отыр, қолда бар ресурстар кейбір кезде тиімді пайдаланылмайды, көптеген шешімдердің экономикалық негізделгені көрінбейді.

«Егер қазір барлық өңдеуші кәсіпорындар қуатының 45 пайызы ғана пайдаланылып отырған болса, оның үстіне 776-сін жасауды несиелеудің не керегі бар?», - деді ол «ҚазАгро» басшысына.

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева шараның қорытындысы бойынша Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне кездесуге қатысушылар қозғаған проблемалық мәселелерді зерделеуді және оларды парламенттік тыңдауларда талқылауға дайындауды тапсырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған кездесу барысында Атамекен» ҰКП Төралқасы Агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы, агрофирма директоры Иван Сауэр мал шаруашылығын дамытуды не тежеп отырғанын айтып берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT