+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Дәріден уланған ақмолалық балалар тілге келе бастады

2019 жылғы 26 мамыр 16:11
Бөлісіңіз:
Дәріден уланған ақмолалық балалар тілге келе бастады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Дәрілік препараттан уланған төрт ақмолалықтың үшеуі санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Бұл туралы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жексенбі күні, мамырдың 26-сында Нұр-Сұлтан қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасарының мәліметі бойынша мамырдың 25-інде санавиациямен жеткізілген 2006 және 2005 жылдары туған балалардың жағдайы бүгін таңертең жақсарды. Балалар естерін жиып, тілге келді. Ал, 2003 жылғы үшінші жасөспірім «Эпилепсия» сырқатымен есепте тұрған бала анестезиология бөлімінде жатыр", деп атап өтті Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Аталған балалардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласының №2 балалар ауруханасында токсиколог, реаниматолог дәрігерлердің бақылауында.

Ведомствоның дерегі бойынша, 3 жастағы төртінші бала 5 таблетка ғана ішкендіктен есін біледі, Ерейментау аудандық ауруханасының балалар бөлімшесінде ем қабылдап жатыр.

Айта кету керек, осыған дейін хабарлағанымыздай, 2019 жылдың 25 мамырында Ақмола облысының Ерейментау ауданында 13-15 жас аралығындағы төрт жасөспірім дәріден уланып қалған болатын. Жағдайды зерделеу барысында әр баланың бұлшық еттерін өсіру үшін «Финлепсин» дәрісін ішкені анықталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT