Дәрі-дәрмектің бағасы шекті межеден қымбат болған жағдайда онлайн шағымдануға болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Дәрі-дәрмектің бағасы шекті межеден қымбат болған жағдайда онлайн шағымдануға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына сілтеме жасап.

DariKZ мобильді қосымшасының жаңа нұсқасында дәріханаларда дәрі-дәрмектер бағасы рұқсат етілген шекті межеден асыра қойылған жағдайларға шағымдар түсіру қызметі іске қосылды және жаңартылды.

Дәрі бағасының асыра қойылуы жөнінде мәлімдеуге ыңғайлы болуы үшін әзірлеушілер командасы «Шағым» нысанына кері байланыс мақсатында енгізілген мобильді телефон нөмірінің дұрыстығын тексеру, аймақ пен шекті бағаны (бірдей баға қойылғанда) автоматты толтыру тетігі қосылған. Бұдан бөлек, пайдаланушы сәтті жіберілім жөнінде ақпараттық мәлімдеме алады. Жалпы, дәріханадағы бағаға шағым түсіру үшін бірнеше қарапайым қадам жасау қажет:

1. DariKZ мобильді қосымшасынан шекті бағасы белгіленген қажетті препаратты табу;

2. «Бағаға шағым түсіру» тетігін басу, қажетті жолақтарды толтыру және хабарлама жолдау.

Сондай-ақ, DariKZ қосымшасының көмегімен ұқсас препараттарға қойылатын бағаларды салыстыруға, дәрінің рецепт арқылы не рецептісіз берілетінін және сәйкестік сертификатын тексеруге, сондай-ақ дәрінің өндірушісі, медициналық қолданылуы, сақтау мерзімі туралы және т.б. деректерді білуге болады.

Сонымен қатар, DariKZ мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары жөнінде дербес мәлімдеуге мүмкіндік береді.

Дәрілік заттың жағымсыз әсері баяндалатын карта-хабарламалар немесе «сары карталар» деп аталатын ақпарат парақтарын жіберу үшін «Жанама әсері» бөлімін ашу, хабарламаны жөнелтуші, пациент пен препарат туралы мәліметтерді толтыру, сондай-ақ кері байланыс және қажет болған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін байланыс деректерін көрсету, одан кейін «Жіберу» тетігін басу қажет.

ДЗСҰО Фармакологиялық қадағалау департаментінің басшысы, м.ғ.к. Мәлік Әбдірахмановтың айтуы бойынша, мобильді қосымшадағы жаңа қызмет дәрілік препараттардың қауіпсіздігін бақылау жүйесі үшін және фармакологиялық нарық айналымына қатысушылармен, оның ішінде ақпараттың бастапқы дереккөзі ретінде тұрғылықты халықпен өзара байланысуға арналған тиімді құрал қызметін атқарады.


Соңғы жаңалықтар