Дәрі-дәрмекті сатып алу онлайн режимде жүргізілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «СК-Фармацияның» 2018 жылға арналған дәрілерді сатып алудың тендерлік рәсімдерін толықтай онлайн тәртіпте көрсететін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2018 жылы ел халқын дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша өтетін тендерлік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютер өзінің  www.sk-pharmacy.kz сайтында негізгі  тендерлік рәсімдердің онлайн көрсетілімін ұйымдастырады.

Бұдан басқа, онлайн тәртіпте тендерлік өтінімдерге қосымшалары бар конверттерді ашу рәсімі - 24 қарашада, тендерлік рәсімдердің ақтық кезеңі  аукционға жіберілген әлеуетті өтінім берушілердің  бағаны төмендету рәсімі -  4 желтоқсанда өтеді»,-  делінген компания таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар Бірыңғай дистрибьютордің Facebook ресми аккаутында тендерлік және сараптамалық комиссия отырыстарының күн сайынғы фотоесебі жарияланып отырады. Тендер өткізіліп жатқан  залдағы жағдайға видео түсірілім жасалады. Ол Бірыңғай дистрибьютордың мұрағатында сақталады.

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Әсемгүл Ержанованың айтуынша, Бірыңғай дистрибьютер сайтында  ағымдағы тендерге арналған арнайы бөлім бар. «Ол жерде нақты уақыт тәртібінде толықтыруларды ашу рәсімдерін және аукционды бақылап, тендерлік комиссияның барлық отырыстарын, өткен шаралардың бейнежазбаларын  қарауға болады. Бұл шаралардың барлығы біздің сатып алу рәсімдеріміздің барынша ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қызығушылық танытқан барлық тараптар  тендерлік рәсімдерді онлайн тәртіпте қарап, шешімдердің қалай және не себепті қабылданып жатқандығын қадағалап, олардың бейтараптылығына және әділдігіне көз жеткізе алады», - деді ол

Айта кетерлігі, жалпы сомасы 82,4 млрд теңгенің  484  өніміне тендер жарияланған.

Соңғы жаңалықтар