+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар сату саласында 869 құқық бұзушылық анықталды

2020 жылғы 4 тамыз 12:55
Бөлісіңіз:
Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар сату саласында 869 құқық бұзушылық анықталды

НҰР-СҰТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құқық қорғау органдары COVID-19 пандемиясы кезеңде дәрілік заттарды алыпсатумен айналысудың жолын кесу бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Израильде карантин, ЕО елдеріндегі жаңа шектеулер пайда болды Өткен тәулікте коронавирустың белгісі бар пневмониядан бір адам қайтыс болды Алмат Қодасбаев: Жүрек - адамның ең негізгі әрі нәзік ағзасы

Ақорданың ресми сайтында жазылғанындай, елде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал аясында жекелеген препараттарға жоғары сұранысты пайдалана отырып, нарықтың жосықсыз қатысушылары дәрі-дәрмектерді бөлшек саудада белгіленген шекті бағаларға қарамастан, оларды жоғары бағамен сата бастаған.

Ағымдағы жылдың 5 шілдесі мен 3 тамызы аралығында дәрі-дәрмектің бағасын көтерудің 522 фактісі анықталды. Сонымен қатар, оларды заңсыз сату мен дайындаудың 338 фактісі белгілі болды.

Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сату саласында барлығы 869 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 10 қылмыстық және 745 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Аталған санның 742 фактісін ішкі істер органдары, 111-ін – Экономикалық тергеу қызметі, 14-ін – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және 2-ін – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі анықтады.

Мысалы, Ішкі істер органдары Нұр-сұлтан қаласындағы дәріхананың қосалқы үй-жайынан түрлі дәрілердің 2811 орамасын, құюға арналған 2650 жүйені, 400 дана бетперде мен 15 литр антисептикті заңсыз сату фактісін анықтады, ал дәріхананың өзінде олар сатылмаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 7,4 млн.медициналық масканы заңсыз сату фактісі бойынша, сондай-ақ, өкпені жасанды желдету аппараттарын жоғары бағамен сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқырған Қостанай және Қызылорда облыстарының денсаулық сақтау органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеуде.

Экономикалық тергеу қызметі жалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды басқа тауар белгісін пайдалана отырып, заңсыз өндірісті жолға қойған Алматы қаласының үш тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады. 60 мың дана контрафактілік 17 түрлі дәрі-дәрмек тәркіленді.

Бұдан басқа, құқық қорғау органдары дәрі-дәрмек өндірушілер мен жеткізушілердің арасында бағаға қатысты сөз байласуға, оларды емдеу мекемелерінен жымқыруға, гуманитарлық көмекті сатуға жол бермеу бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Бұл ретте құқық қорғау органдарының өзіндік қауіпсіздік бөлімшелерінің жұмысы аталған іс-шараларды орындау кезінде жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және адал кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға жол бермеуге бағытталған.

Жүргізіліп жатқан жұмыс пен қылмыстық істерді тергеу Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының ерекше бақылауында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT