Дәрі-дәрмекке өтінімдер электронды форматта түзіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда дәрі-дәрмекке өтінімдер электронды форматта түзілетін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқастарды тегін амбулаториялық қамтамасыз ету, дәрі-дәрмекті тиімді жоспарлау мәселесін шешу үшін министрлік өтінімді толықтай электронды форматта түзу туралы шешім қабылдады», - деді ол.

Комитет басшысының сөзіне қарағанда, бүгінгі күні диспансерлік науқастардың тіркелімін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесімен және «СҚ-Фармация» бірыңғай фармацевтикалық жүйесімен ықпалдастыру аяқталған.

«Өтінімді түзу процесі былай жүргізіледі: тегін дәрілік қамтамасыз етілуге тиесілі науқас есепке тіркелген кезде немесе есепте тұрған науқасқа дәрігер мөлшері, саны және емдеу курсы көрсетілген емдеу сызбаларының бірін таңдайды. Емдеудің аталған сызбасын біздің бейінді республикалық ғылыми-зерттеу институты әзірлеген. Мұнан кейін емдеу курсына қажетті дәрі-дәрмектің саны автоматты түрде қалыптастырылып, бюджетін бекіту үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі. Аталған өтінімді автоматты түрде түзу таяу күндері басталып, 15 мамырға дейін аяқталады», - деді Людмила Бұйрабекова.

Соңғы жаңалықтар