Дәрі-дәрмек пен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы бақылауға алынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы бақылауға алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық экономика және Энергетика министрліктеріне және өңір әкімдіктеріне көмірдің, газдың, дәрі-дәрмектің және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ерекше бақылауға алуды тапсырамын. Бірінші кезекте, әкімдер бағаның негізсіз өсуіне жол бермей, компаниялардың бағаны өзара келісіп алуының, арадағы делдалдардың заңсыздықтарынын анықтауы қажет», - деді Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында.

Айта кетейік, Үкімет басшысы монополияға қарсы қызметті күшейту заңнамасына түзетулер әзірленіп жатқандығын хабарлады.

Сонымен қатар ол жаңа тарифке қатысты әрбір азаматтың ұсынысы ескерілуі керектігін тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар