Дәрі-дәрмек нарығын ақша жасау көзіне айналдырғандар қатаң жазаланады - Тоғжанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәрі-дәрмек нарығын ақша жасаудың көзіне айналдырғандар қатаң жазаланады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәрі-дәрмек нарығын ақша жасаудың көзіне айналдырғандар қатаң жазаланады. Қазір ғана, бір сағат бұрын Шымкент қаласында сондай пиғылмен жұмыс жасаған біраз азамат қолға түсті. Сондықтан осындай нақты шаралар бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілетінін еске салғым келеді. Әсіресе, дәрі-дәрмектің айналасындағы жағдайды ескере отырып, пайда тауып қалуды көздейтін азаматтарға ескертіп айтқым келеді. Бұл - Президенттің тікелей қарауындағы мәселе. Қазақша айтқанда, «кемедегінің жаны бір». Сондықтан, қадірлі ағайын, бір-бірімізді қолдап, нақты шешімі бар жолдармен жүргеніміз жөн ғой», - деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Соңғы жаңалықтар