Дәрі-дәрмек бағасын өсіргендерге қандай жаза қолданылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова дәрі-дәрмек бағасын негізсіз өсіргендерге қандай жаза берілетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау вице-министрлігінде бағаны бақылау құзіреті бар. Бөлшекті түрде сату кезіндегі шекті бағаны белгілеу барысында бізде нақты талап бар. Маржа көлемі де реттеліп отырады. Сол себепті дәріханаларда сатылып жатқан дәрі-дәрмек қатаң бақылауда», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр дәрі-дәрмекті шекті бағадан асыра сатқандарға жаза барын, ондайларға әкімшілік айыппұл салынатынын ескертті.

Еске сала кетсек, Людмила Бюрабекова бұған дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеу хаттамасына жаңа схема енгізілгенін мәлім еткен еді. Оның айтуынша қазақстандық дәрігерлер анасынан коронавирус жұқтырып туған 21 сәбиді емдеп шығарған.


Соңғы жаңалықтар