Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып қайта тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының «Келес» коммуналдық кәсіпорнында бастаған.

2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, Президенттің Іс басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2007-2010 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Бюджет және Қаржы департаменттері директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болған.

2010 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы лауазымына тағайындалған.

2011-2013 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің

Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған.

2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған.

2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған.

2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Түркістан облысының әкімі болып қайта тағайындалды.

Фото: primeminister.kz


Соңғы жаңалықтар