Дархан Мыңбай Мәжілістің жалпы отырысында ант берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 6-шы сайланған ҚР Парламентінің 4-ші сессиясының аясында Мәжілістің бірінші жалпы отырысы өтуде. Отырыста депутат Дархан Мыңбай ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді Дархан Мыңбай Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл ақпанда Д. Мыңбай Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді. Ол Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

Соңғы жаңалықтар