Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 20 °С
Алматы: 13 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

Дархан Мыңбай Мәжіліс депутаты болып тіркелді

2018 жылғы 13 ақпан 15:59 1188
Бөлісіңіз:
Дархан Мыңбай Мәжіліс депутаты болып тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дархан Мыңбай Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро қаулысымен тағайындалған Парламент Мәжілісінің депутатын тіркеу жөніндегі ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мыңбай Дархан Қамзабекұлын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК қаулысы қабылданды.

Д. Мыңбайға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі» туралы Конституциялық заңға сәйкес сайланған депутат тіркеуден өткен соң өз өкілеттігіне кіріседі.

 

 


Басты сөздер: Сайлау, Парламент,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат