+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Дархан Қыдырәліге ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілді

2021 жылғы 2 шілде 19:25
Бөлісіңіз:
Дархан Қыдырәліге ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліге ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат академияның ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін Дипломатия қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, бірқатар халықаралық ұйымдардардың басшыларына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен дипломатиялық дәрежелер табыс етілді. Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов — Төтенше және Өкілетті елшісі дипломатиялық дәрежесін, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесін иеленді. Түркі академиясының ұжымы жаңа дәреже иелерін шын жүректен құттықтап, жауапты қызметіне зор табыстар тілейді»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT