Дархан Қыдырәлі «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлығымен марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі академиясы халықаралық ұйымының басшысы Дархан Қыдырәлі Анкарада «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлығымен марапатталды.

Академияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл сыйлық Түркі академиясының бауырлас елдер арасындағы ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесі үшін Түрік ошақтары ұйымы тарапынан берілді.

Айта кету керек, 1912 жылы құрылған, Түркі әлеміндегі іргелі қоғамдық ұйымның бірі саналатын Түрік ошақтары Түркия Республикасының құрылу кезеңінде М.Ататүрікке қолдау білдірген.

Соңғы жаңалықтар