Дархан Қыдырәлі Ош мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атанды

None
None
  ОШ. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ош қаласында өтіп жатқан ІІ қазақ-қырғыз зиялылар форумында Халықаралық Түркі академиясының  президенті Дархан Қыдырәлі мен  академияның аға сарапшысы Қадыралы Қонқобаевқа Ош мемлекеттік университетінің  Құрметті профессоры  атағы берілді. Бұл туралы академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ош мемлекеттік университетінің ректоры Қаныбек Исаков Академия ғалымдарына Құрметті профессор атағы берілгендігі туралы университет  ғылыми кеңесінің шешімін көпшіліктің алдында  оқып берді. Сонымен қатар, TWESCO-ның  бауырлас  халықтардың ынтымақтастығы мен ғылыми  интеграцияны  тереңдетуге айырықша үлес  қосып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, белгілі түрколог Қадыралы Қонқобаевты 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Өз кезегінде TWESCO президентінің кеңесшісі Ержан Исақұлов мерейтой иесінің иығына академия атынан шапан жауып, сый-сияпат жасады.

Соңғы жаңалықтар