Дархан Қыдырәлі: Орталық Азия мемлекет басшыларының кездесуі – ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық Азия мемлекет басшыларының кездесуі аймақтық ынтымақтастықтың сапалы жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді. Халықаралық Түркі академиясы президенті Дархан Қыдырәлі осыла»й мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат twesco.org-ке сілтеме жасап.

«Орталық Азия мемлекет басшыларының кездесуі аймақтық ынтымақтастықтың сапалы жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді. Тәжірибе көрсеткендей, біздің бірлескен күш-жігеріміз жаһандық және аймақтық мәселелерді шешуге тиімді әсер ете алады.

Халықаралық Түркі академиясының мақсаттары мен міндеттері тұрғысынан, Мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесінде жан-жақты ынтымақтастықты, оның ішінде ғылым мен білім саласын дамытуға ортақ мүдде білдірілгенін және бауырлас елдердің одан әрі жақындасуында өзара мәдени-гуманитарлық іс-қимылдың шешуші рөліне, ғылыми интеграция мен «ғылыми дипломатияға» баса назар аударылғанын маңызды қадам деп санаймыз», - деді Түркі академиясы президенті.

Ол мемлекет басшыларының мәдени-гуманитарлық және ғылыми байланыстың бірыңғай алаңына айналуы тиіс «Орталық Азия: Ортақ тарих және ортақ болашақ» мәдени диалог форумын құру туралы бастамасын айрықша атап өтті. Оның айтуынша, бұл стратегиялық маңызды тапсырмада жастарға ерекше мән беріліп отыр.
«Түркі академиясы Орталық Азия мемлекет басшыларының бастамасын жоғары бағалап әрі қолдай отырып, белгіленген міндеттерге сәйкес нақты ғылыми-гуманитарлық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдіреді. Атап айтқанда, Академия ортақ тарихты зерделеуге және аймақ елдері басшыларының Бірлескен мәлімдемесінде көрсетілген бауырлас елдер үшін ортақ мәселелердің жемісті және конструктивті шешілуіне белсенді атсалысуға дайын», - деді Дархан Қыдырәлі.

Оның айтуынша, мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесінің аймақтағы елдердің көпжақты және кең ауқымды ынтымақтастығы және бауырлас халықтар арасындағы бекем бірлік пен келісімнің белгісі ретінде, болашақ байланыстарымыздың берік негізі мен мызғымастығын қамтамасыз ететін құжат ретінде тарихтан өз орнын алады.


Соңғы жаңалықтар