Дархан Қыдырәлі ерлі-зайыпты журналистердің ұсталуына байланысты пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының кулуарында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ерлі-зайыпты журналистер Наргиз және Валидимир Северныйдың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Журналистер сауалына жауап бере келе, Дархан Қыдырәлі бұған дейін журналистерге шабуылдар болған кезде министрлік ресми мәлімдеме жасағанын еске салды.

«Біз журналистерге шабуыл кезінде әрдайым олардың құқығын қорғадық. Оған қатысты мәлімдемелер жасадық. Шабуылдардың біразы анықталды. Ал енді кейбір әріптестердің мәселесіне келсек, ол шынында да журналистік қызметіне қатысты емес. Егер ол жерде бопсалау немесе басқа да мәселелер болса, ол тергеу аясына кіреді. Сондықтан жалпы журналистер құқығының бұзылмауына мән береміз», - деді ол.

Министр ерлі-зайыпты журналистер Наргиз және Валидимир Северныйдың мәселесі тергеліп жатқандықтан қандай да бір мәлімет бере алмайтынын айтты.

«Біз қарап отырмыз. Енді тергеуге араласа алмаймыз ғой. Оған байланысты мәлімет болса, мен сіздерге мәлімет беремін... Мен таза журналистік қызмет деп ойламаймын. Оған байланысты біз тиісті құрылымнан мәліметтер сұраймыз. Тергеу жүріп жатқандықтан мен бұған байланысты мәлімет айта алмаймын. Бұл олардың журналистік қызметіне байланысты емес. Соған байланысты мен коментарий бере алмаймын», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.


Соңғы жаңалықтар