Дархан Кәлетаев Талдықорғандағы «ASAR» форумына қатысты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда кешеден бері «ASAR» республикалық үшжақты ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Елімізде осымен екінші рет ұйымдастырылып жатқан шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев қатысып, форумның пленарлық сессиясын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр өзінің алғы сөзінде «ASAR» форумының алаңы  қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу үшін ҮЕҰ, мемлекет және бизнестің ынтымақтастығына тиімді, сұранысқа ие және креативті диалог алаңына айналатынына сенім білдірді.

«Талдықорған қаласында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, «ASAR» форумы ұйымдастырылуда. Бизнес, үкіметтік емес ұйымдар  және мемлекет арасында үшжақты келісімшарттарға қол қойылды. Бүгін екінші күн. Пленарлық сессиясы болып жатыр. Кеше бес аудиторияда семинар тренигтер өтті. Біздің  бұл шарадағы басты мақсатымыз - ҮЕҰ мен бизнес өкілдерінің бастарын қосып, оларға қаржыландыру көзін, жалпы көзқарастарын өзгерту. Мәселен, бұған дейін ҮЕҰ-ды республикада да, облыстарда да ірі корпорация қолдаса, енді орта және шағын бизнес те бұл шараларға араласа бастады. Қазір осы шара аясында 8 меморандумға қол қойылды. Орта және шағын бизнес өкілдері тарапынан 39 млн теңгенің жобасы қолдау тауып,  жуық арада жүзеге асатын болады. Форумға еліміздің әр аймағынан ҮЕҰ өкілдері, республикалық, халықаралық сарапшылар, жалпы алғанда 300-ге жуық адам қатысуда», - деді Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Али.
null

«ASAR» республикалық үшжақты ынтымақтастық форумы өткен жылы алғаш рет Атырау облысында ұйымдастырылған болатын. «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан форум «жыл сайын жаңа өңір» қағидаты бойынша өткізіледі. Сарапшылардың пікірінше, бүгінде билік пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы жұмыс біршама реттелген. Ендігі міндет - осы мақсатқа бизнес қауымдастықты тарту. 

null

Соңғы жаңалықтар