Дархан Кәлетаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағыты туралы баяндады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағыты жайында баяндады.

«Бұл жұмысты реттеу мақсатында біз «Рухани жаңғыру» бойынша қызметті бағдарламаның алты бағытымен ара қатынасын белгілеуді сұрадық. Бұл - бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестікті сақтау, білім ғұрпы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы», - деді ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша Ұлттық комиссияның отырысында.

«Жедел басқару және ұйымдастыру мәселелерін пысықтау үшін аймақтық жобалық кеңселердің үйлестірушілері ретінде аймақ әкімдерінің орынбасарлары, аппарат жетекшілері анықталды.

Қоғамдық сананы дамыту министрлігінің жанында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық сананы жаңғырту институты» құрылып жатыр», - деп атап өтті Д.Кәлетаев.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 26 қазанында Ақордада Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Исекешевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша Ұлттық комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Соңғы жаңалықтар