Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.82 EUR 428.67
RUB 5.86 CNY 54.95
Jańalyqtar

Дархан Кәлетаев Орталық коммуникациялар қызметінің жаңа басшысын таныстырды

2019 жылғы 22 шілде 17:00 309
Бөлісіңіз:
Дархан Кәлетаев Орталық коммуникациялар қызметінің жаңа басшысын таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев Орталық коммуникациялар қызметінің жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарланғандай, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, саяси ғылымдар кандидаты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Талғат Қалиев Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалған еді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды. Президент өкімімен Қалиев Талғат Бегімұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалды», - деді Дархан Кәлетаев.

Ол Орталық коммуникациялар қызметі қарамағында болған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшысы Дәурен Абаевқа алғыс айтты.



«Жұмыс өте сапалы жүргізілді, оң өзгерістер айқын көрінеді, сол үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне алғыс айтамыз. Орталық коммуникациялар қызметі Сіздердің сенімді серіктестеріңіз болып қалады», - деді ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Өз кезегінде Дәурен Абаев ОКҚ ұжымына алғысын білдірді.



«Ұжымға тағы да рахмет айтқым келеді. Шын мәнінде біз Сіздермен үлкен жұмыс атқардық. Техникалық жаңғырту жүргіздік. ОКҚ ұжымына табыс тілеймін», - деді Дәурен Абаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT